Президенттің Instagram-дағы жазылушыларының саны 1 миллионнан асты

966

Қасым-Жомарт Кемелұлы алдағы уақытта Instagram желісінде бейресми сәттерде түсірілген суреттер мен бейнероликтер жариялауды да жоспарлап отыр.  

Президенттің Instagram-дағы жазылушыларының саны 1 миллионнан асты

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Instagram-дағы жазылушыларының саны миллионнан асты, деп хабарлайды Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы өзінің Facebook-тегі парақшасында.

"Қасым-Жомарт Тоқаевтың негізгі саяси ұстанымдарының бірі – ашықтық және қоғаммен тығыз қарым-қатынас орнату. Президент "халық үніне құлақ асатын мемлекет" концепциясын іске асыру барысында халықпен тікелей байланысқа ерекше көңіл бөледі. Тұрғындардың өтініш-тілектерін дер кезінде қарау үшін Қазақстан Президентінің Виртуалды қабылдауы ашылды. Бүгінде оған 6673 өтініш келіп түскен", – деп жазды Берік Уәли.

Оның жазуынша, Қасым-Жомарт Тоқаев брифингтер мен баспасөз мәслихаттарын жиі өткізіп, отандық және шетелдік БАҚ-қа сұхбат беріп тұрады. Сонымен қатар Twitter және Instagram секілді әлеуметтік желілерді белсенді қолданады.

2019 жылдың 1 сәуірінде ашылған Мемлекет басшысының Instagram желісіндегі парақшасына жазылушылар саны 1 миллионнан асты. Президент 9 ай ішінде өз парақшасында ресми шаралардан, кездесулер мен сапарлардан 60 пост жариялады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу