Президенттің Қытайға сапары барысында 10-ға тарта екіжақты келісімге қол қойылды

977

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиньмен  келіссөздер жүргізіп, бірлескен мәлімдеме жасады.

Президенттің Қытайға сапары барысында 10-ға тарта екіжақты келісімге қол қойылды Фото: akorda.kz

Президенттің Қытайға мемлекеттік сапары барысында 10-ға тарта екіжақты маңызды келісімге қол қойылды, деп хабарлайды Atameken Business.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиньмен  келіссөздер жүргізіп, бірлескен мәлімдеме жасады.

Бекітілген құжаттар арасында Үкіметаралық авиациялық іздеу және азаматтық әуе кемелерін құтқару саласындағы ынтымақтастық туралы келісім, "Нұрлы жол" жаңа экономикалық саясаты мен "Жібек жолының экономикалық белдеуі" құрылысын ұштастыру жөніндегі ынтымақтастық жоспарын жүзеге асыруға байланысты өзара көмек туралы меморандум, бірқатар ауылшаруашылығы өнімдеріне қойылатын инспекциялық, карантиндік және ветеринарлық-санитарлық талаптар жөніндегі хаттама бар. Сонымен қатар, сапар барысында Қазақстанда сандық инфрақұрылымды дамыту туралы меморандумға да қол қойылды. Оған сәйкес, 2020 жылы Нұр-Сұлтанда құны 100 млн доллар болатын дата-орталықтың құрылысы басталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу