Алматыдағы Президенттің қызметтік резиденциясы "пайдалануға шектеулі жарамды"

888

Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы БАҚ тарапынан Алматыдағы Президенттің қызметтік резиденциясын сүруге қатысты түсіп жатқан сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Алматыдағы Президенттің қызметтік резиденциясы "пайдалануға шектеулі жарамды"

Таратылған ақпаратқа сүйенсек, сүру туралы шешім негізсіз қабылданбаған.

"Қазақстандық көпсалалы қайта құру және даму институты (ҚазҚДКИ) сарапшыларының түпкілікті қорытындысы шыққанын хабарлаймыз. Олар резиденция ғимаратының "пайдалануға шектеулі жарамды" екенін анықтады. Өрттің және аса жоғары температураның салдарынан барлық тіреуіш құрылымдары мен шатырдың негізі болып табылатын металл элементтері зақымдалған. Ғимараттың сақталған фрагменттерінде ыстың иісін толығымен жою мүмкін емес. Сонымен қатар бүгінгі таңда объектінің құрылымдық элементтерінің бір бөлігі қолданыстағы құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес келмейді", – деп жазылған түсіндірмеде.

Сондай-ақ ғимараттың негізгі конструкцияларын қалпына келтіру және оны сейсмикалық күшейту көп қаражатты талап етеді және ғимарат қайта жабдықталса да, оны пайдалану қауіпсіз емес екен.

"Қазақстан Республикасының заңнамасына сай осындай мәртебесі бар объектілерге қатысты талап етілетін, Республикалық маңызы бар тарихи ескерткішті бұзуға қатысты барлық рәсімдер сақтала отырып жүзеге асырылатын болады", – деп жазылған хабарламада.

Айта кетсек, бұған дейін Президенттің баспасөз хатшысы қаңтардағы оқиға кезінде өртелген Резиденцияның сүрілетінін хабарлаған еді. Қоғам тарапынан тарихи ғимараттың неліктен сақталмайтыны туралы сұрақтар қойылған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу