Президенттің өкілеттігі толықтырылады

841

Бірқатар заңға түзету енгізіледі. 

Президенттің өкілеттігі толықтырылады

Сенаттың жалпы отырысында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне соғыс жағдайы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңы екінші оқылымда қабылданды.
Аталмыш құжат негізінде ҚР еңбек кодексіне және "Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы", "Мемлекеттік құпиялар туралы", "Соғыс жағдайы туралы", "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы", "Білім туралы", "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" заңдарға түзетулер енгізілетін болды. 

"Соғыс жағдайы туралы" заңда Президент өкілеттігін толықтыру ұсынылды. 

Ол бейбіт уақытта іске асырылады. Бұл соғыс жағдайы саласын қолдану тәртібін айқындау, Қарулы Күштер Жоғарғы Бас қолбасшылығы ставкасы туралы, Қорғаныс кеңестері туралы, соғыс жағдайы кезеңінде үкімет қызметін ұйымдастыру туралы ережені бекіту үшін қажет", – деді ҚР қорғаныс министрінің бірінші орынбасары Мұрат Бектанов. 

Оның мәлімдеуінше, Президент өкілеттігін қорғанысты жоспарлау қағидасын бекітумен толықтыру ұсынылған. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу