Президенттің Швейцарияға сапарында бірқатар келісімге қол қойылды

601

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Швейцария Президенті Ги Пармелан келіссөз жүргізді, деп хабарлайды inbusiness.kz Ақорда сайтына сілтеме жасап.  

Президенттің Швейцарияға сапарында бірқатар келісімге қол қойылды

Келіссөз қорытындысы бойынша мемлекеттер басшыларының қатысуымен бірқатар үкіметаралық және коммерциялық келісімге қол қойылды.

1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Швейцария Конфедерациясы Федералдық Кеңесі арасындағы бағалы металдардан жасалған бұйымдардағы сынамалық таңбаны өзара мойындау жөніндегі келісім;

2. 1994 жылғы 12 мамырда Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Швейцария Федералдық Кеңесі арасында қол қойылған сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі келісім хаттамасы (Сауда қызметтерін ішкі реттеу қағидалары);

3. "Қазақстан темір жолы" ҰК АҚ мен "Stadler CIS AG" компаниясы арасындағы стратегиялық ынтымақтастық жөніндегі келісім.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу