Президенттің сынынан кейін Астананы ауыз сумен қамтып отырған жалғыз су қоймасы тазартылатын болды

547

Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Президенттің сынынан кейін Астананы ауыз сумен қамтып отырған жалғыз су қоймасы тазартылатын болды Фото: Ашық дерек көздерінен

"Осы жылдың 11 шілдесінде Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Астана қаласын дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте айтылған Президенттің тапсырмасы бойынша, Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі Астана су қоймасын тазарту жұмыстарын жүргізуді қолға алды", - делінген хабарламада.

1970 жылы салынған Астана су қоймасына осы уақытқа дейін тазарту жұмысы жүргізілмеген. Ол – астананы ауыз сумен қатамасыз ететін жалғыз су қоймасы. Қойманың жалпы көлемі 410,9 млн текше метр. Қазіргі көлемі 312,36 млн текше метр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу