Президенттің төрағалығымен Алматыны дамыту жөніндегі кеңес өтуде

968

Кеңесте қаланың экономикалық, әлеуметтік, экологиялық мәселелеріне қатысты ауқымды жұмыс жүргізілгені айтылды. 

Президенттің төрағалығымен Алматыны дамыту жөніндегі кеңес өтуде

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Алматы қаласын дамыту мәселелері жөніндегі кеңес басталды, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Кеңесте қаланың экономикалық, әлеуметтік, экологиялық мәселелеріне қатысты ауқымды жұмыс жүргізілгені айтылды. Президент бастамалар ары қарай да жалғасын табу керек екенін атап өткен.

"Соңғы жылдары қалаға жаңа аумақтар қосылып, көлемі 2 есеге ұлғайды. Халқының саны 20 пайызға өсіп, бір миллион сегіз жүз мың адамға жетті. Қалада басқа өңірлерден келген және осы төңіректе тұратын жарты миллионға жуық адам жұмыспен қамтылып отыр. Бүгінде дүниежүзіндегі 600 қалалық агломерация әлемдік ішкі жалпы өнімнің үштен екісін өндіріп отыр",– дейді Мемлекет басшысы.

Еліміздің ішкі жалпы өнімінің үштен бірі Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларына тиесілі екендігі айтылды.

"Шаһар ішкі жалпы өнімнің бестен бірін, мемлекеттік бюджетке түсетін түсімнің 20 пайыздан астамын және банктер беретін несиенің 60 пайызын қамтамасыз етіп отыр. Сондай-ақ, еліміздегі көтерме және бөлшек сауданың 40 пайыздан астамы, сыртқы сауда айналымының 15 пайызға жуығы осы қалада жүргізіледі",– дейді Президент.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу