Президенттің төрағалығымен елорданы дамыту жөнінде мәжіліс өтуде

1048

Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтан қаласын ары қарай дамытып, жаңа белестерге шығару алдағы негізгі міндеттердің бірі екендігін баса айтты.

Президенттің төрағалығымен елорданы дамыту жөнінде мәжіліс өтуде

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен елорданы одан ары дамыту мәселелері жөніндегі мәжіліс өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Бас қала егемен еліміздің негізгі әрі аса маңызды жобасы. Бүкіл әлемге Назарбаев моделі немесе Қазақстан жолы деп мойындалған стратегия дәл осы шаһардан басталды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен салынған астана жылдан жылға дамып келе жатыр. Бүгінде еуразияның жүрегінде орналасқан елордамыз ірі саяси-экономикалық, мәдени және білім орталығы болып қалыптасты",– деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтан қаласын ары қарай дамытып, жаңа белестерге шығару алдағы негізгі міндеттердің бірі екендігін баса айтты.

"Осы мәселелерді бүгін талқылайтын боламыз. Алдымен бас қаламыздың бірқатар жетістігіне тоқталайын. Біріншіден, елордамыздың экономикасы соңғы жылдарда ойдағыдай дамығанын атап өту қажет. 21 жыл ішінде ішкі өңірлік өнім шамамен 5,5 есеге өсті. Бұған құрылысты күшейту, бизнесті дамыту және инвестия тартудың арқасында қол жеткізілді. Қала экономикасына 9 трлн теңгеден астам инвестиция құйылып, 2018 жылы бюджетке 1,1 трлн теңге түсті. Шағын және орта бизнес халықтың әл-ауқатын арттыруға мүмкіндік берді", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Екіншіден, ҚР Президенті қала инфрақұрылымы қарқынды дамып келе жатқанына тоқталды.

"Астанамыз өмір сүруге қолайлы болуы үшін жан-жақты аббатандарылды. Тұрғын үй және жол құрылысы, әлеуметтік сала инфрақұрылымы айтарлықтай дамыды. Нұр-Сұлтан қаласы мәдени әрі зияткерлік орталыққа айналды. Біз осы даму қарқынын бәсеңдетпеуіміз және де ары қарай күшейтуіміз керек", – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев, үшіншіден, елордамызда маңызды халықаралық шаралар мен кездесулер өткізіліп тұратындығын айтты.

"Бұл үлкен жетістік. ЕҚЫҰ саммиті, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съездері, халықаралық ЭКСПО көрмесі, жыл сайынғы Астана экономикалық форумы және журыда өткен жаһандық инновациялық саммит соның айқын дәлелі. Нұр-Сұлтан қаласын халықаралық орталық ретінде ары қарай дамыта беретін боламыз. Көп жұмыс атқарылды, бірақ, мұнымен шектеліп қалмауымыз керек. Біз үшін маңызды мақсат – елордамыздың дамуын барлық бағыттар бойынша жаңа сапалы деңгейге көтеру",– деді ҚР Президенті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу