Президенттің төрағалығымен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өтеді

872

Іс-шара Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 15:00-де "Хабар-24" телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

Президенттің төрағалығымен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өтеді

"Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы (ЖЕЭК) өтеді.

Бейнебайланыс форматында өтетін іс-шараға Кеңеске мүше мемлекеттердің және бақылаушы елдер – Куба, Молдова, Өзбекстанның басшылары қатысады деп жоспарланған.

Мемлекеттер басшылары Еуразиялық экономикалық одақ қызметіне қатысты өзекті мәселелерді, 2021 жылғы ынтымақтастықтың нәтижелерін, сондай-ақ алдағы уақытта Ұйымға мүше мемлекеттердің өзара экономикалық іс-қимылдарды дамыту жоспарын талқылайды. Қазақстанның ұйымға төрағалығы осы жиынмен аяқталады", – деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу