Президенттің жақын туыстары қандай қызмет атқара алмайды?

1150

Заңға тиісті өзгерістер енгізілсе, Мемлекет басшысының жақын туыстары министр, вице-министр, облыс әкімі және ұлттық компанияларда басшылық қызметте атқара алмайды. Бұл туралы Әділет министрі Қанат Мусин айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Президенттің жақын туыстары қандай қызмет атқара алмайды?

Ол Мемлекет басшысының жақын туыстарын мемлекеттік және квазимемлекеттік құрылымдарда басшылық қызметтерге орналасуын конституциялық деңгейде тыйым салу жөнінде ұсыныс жарияланғанын жеткізді.

"Қазақcтанда Президенттің жақын туыстарына кімдер жатқызылатынын, олар қандай лауазымдарды атқара алмайтынын мәселеге толық тоқталайын. Заңға сәйкес жақын туыстарға ата-аналар, балалар, асырап алушылар, асырап алғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек ағалы-інілер, апалы-сіңлілер, атасы, әжесі, немелері жатады. Сондай-ақ "сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңда жекжаттар яғни ерлі-зайыптылардың жақын туыстары үшін шектеулер белгілейді", – деді әділет министрі ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Қанат Мусин Президент жарлығымен саяси және әкімшілік мемлекеттік қызметшілер лауазымының тізілімі айқындалғанын атап өтті.

"Оларға министрлер, олардың орынбасарлары, әкімдер, мемлекеттік органдардың басшылары мен және тағы басқалары жатқызылған. Квазимемлекеттік секторға мемлекет қатысушы болып жататын ұйымдар жатады. Осылайша, заң деңгейінде тиісті тыйымдар белгіленгеннен кейін Президенттің ағасы, әпкесі балалары "Самрұқ-Қазына" әл ауқат қорында басшылық қызмет атқара алмайды", – деді ведомство басшысы.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу