Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желіде жазды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылғы 27 тамызда Жамбыл облысында болған жарылыстарға байланысты шұғыл жиналыс өткізіп, мемлекеттік уәкілетті органдарға қаза тапқан азаматтардың отбасыларына жан-жақты көмек көрсетуді және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.
Орындалды:
• Жарылыс салдарынан қираған 176 нысанның бүгінде 173-і қалпына келтірілді. 35 тұрғын үй, 10 комерциялық нысан, 2 мектеп пен 1 дәрігерлік пункт пайдалануға берілді. 2 коммерциялық нысанның және Жібек жолы ауылындағы 150 орындық жаңа мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр.
• Қайнар ауылында жолдар жөнделіп, көшелер жарықтандырылды, үйлерге газ, су берілді.
• Қайта қалпына келтіру жұмыстарына Үкімет резервінен 1,2 млрд теңге бөлінді және демеушілер есебінен 102,3 млн теңге жұмсалды.
• Қаза тапқан азаматтардың отбасыларына 15 млн теңгеден материалдық көмек көрсетілді.
• Қаза тапқан азаматтардың отбасы мүшелерінің банктер мен микроқаржы ұйымдары алдындағы қарыздары толығымен өтелді, делінген хабарламада.