Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Конституциямыздың 25 жылдығына орай 150 медицина қызметкерін, Денсаулық сақтау министрлігінің қызметкерлерін және өңірлердегі денсаулық сақтау жүйесі өкілдерін Конституцияның 25 жылдығына арналған мерекелік медальмен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлады ДСМ баспасөз қызметі.
Бүгін Денсаулық сақтау министрлігінде мерекелік медальді табыстауға арналған салтанатты жиын өтті. Марапаттау рәсімінде Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстан Конституциясында ең үздік әлемдік тәжірибе, сондай-ақ біздің көпұлтты халқымыздың тарихи мен ұлттық дәстүрі көрініс тапқанын атап өтті.
Мерекелік медаль "Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы" Бас директоры-Басқарма төрағасы Ерік Байжүнісовке, Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды үйлестіру департаментінің директоры Гүлжан Шайхыбековаға, ALMAU Денсаулық сақтау менеджерлерін даярлау бойынша оқытушы Татьяна Иссыкке, Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және стандарттау департаментінің директоры Александр Костюкке табысталды. Сондай-ақ Қоғамдық денсаулық сақтау саясаты департаменті қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Гүлнар Құспекова, медициналық-әлеуметтік көмек департаменті әлеуметтік маңызы бар аурулар кезінде медициналық көмек басқармасының басшысы Гүлнар Мақсұтова, Қоғамдық денсаулық сақтау саясаты департаменті қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бас сарапшысы Рабиға Милыбаева, медициналық-әлеуметтік көмек департаменті медициналық оңалту басқармасының бас сарапшысы Гүлзира Тәжібаева және Денсаулық сақтау министрлігі мен ведомствоға қарасты ұйымдардағы бірқатар маман марапатталды.
Салтанатты жиынға мерекелік медальге ие болған қызметкерлердің төртеуі ғана қатысты, қалғандары Webex бойынша қашықтан марапатталды.