Президенттің Өкімімен Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясы шақырылады

663

Президент Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма тоғызыншы сессиясын шақыру туралы құжатқа қол қойды. Құжат мәтіні Ақорданың ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды  inbusiness.kz.

Президенттің Өкімімен Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясы шақырылады

"Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма тоғызыншы сессиясын шақыру туралы

2021 жылғы 25 наурыз

1. Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма тоғызыншы сессиясы 2021 жылғы 28 сәуір күні Нұр-Сұлтан қаласында Назарбаев орталығында "Бірліктің, татулық пен келісімнің 30 жылы" күн тәртібімен шақырылсын.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма тоғызыншы сессиясын өткізуді ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдасын.

 

Қазақстан Республикасының

                Президенті                                                                               Қ.Тоқаев

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2021 жылғы 20 наурыз

                            № 175"

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу