"Придорожное" кен орны QazaqGaz ұлттық компаниясының қарамағына өтті

800

QazaqGaz АҚ ҰК "Самұрық-Энерго" компаниясынан газ қоры шамамен 10 млрд текше метрді құрайтын "Придорожное" кен орнын өз балансына алды, деп жазады inbusiness.kz Ұлттық компания таратқан ақпаратқа сілтеме жасап.  

"Придорожное" кен орны QazaqGaz ұлттық компаниясының қарамағына өтті Фото: egemen.kz

QazaqGaz ҰК АҚ "Тегіс-Мұнай" ЖШС активтері бойынша сатып алу-сату мәмілесін   жасады. Оның құрамына "Маңғышлақ-Мұнай" ЖШС кіреді. Ал, "Маңғышлақ-Мұнай" компаниясының Түркістан облысы Придорожное кен орнында газ өндіру бойынша жер қойнауын пайдалану құқығы бар.

"Придорожное" кен орны - Түркістан облысы Созақ ауданында орналасқан. Кен орны 1975 жылы ашылған болатын. Мемлекеттік комиссия кен орнында тереңдігі 1450м және 2600 метрде, көлемі 16,5 млрд текше метр газдың бар екендігін анықтаған.

Бұған дейін Ұлттық компания барлау және өндіру бойынша жол картасын бекіткен болатын, оның аясында ресурстық базаны 700 млрд текше метрден астам көлемге арттыру жоспарланған.

Естеріңізге салайық, QazaqGaz ҰК АҚ "Амангелді Газ" кәсіпорнын қайта құру арқылы "QazaqGaz Барлау және өндіру" бөлімшесін ашты. QazaqGaz басқарма төрағасы Санжар Жаркешовтің айтуынша, жер қойнауын пайдалану бойынша барлық жаңа жобалар осы "QazaqGaz Барлау және өндіру" құрылымында болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу