Ресей президенті Владимир Путин Евгений Пригожинмен және "Вагнер" командирлерімен кездесу өткізді. Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі РБК-ға сілтеме жасап.
"Ол [Путин] 35 адамды шақырды. Барлық командирлер және Пригожин бар. Бұл кездесу 29 маусымда Кремльде өтті. Ол үш сағатқа созылды. Оның егжей-тегжейлері белгісіз. Мен сізге айта алатын жалғыз нәрсе — президент 24 маусымдағы оқиғаларға өз бағасын берді", - деді Песков.
Путин командирлердің түсініктемелерін тыңдап, оларға жұмысқа орналасудың басқа нұсқаларын ұсынды.
"Командирлер болған оқиғаның өз нұсқасын баяндады, олар Жоғарғы Бас қолбасшының сенімді жақтаушылары мен сарбаздары екендіктерін атап өтті", — деді Песков.