Бұл туралы америкалық The Washington Post газеті жақында Discord чатында жарияланған Пентагонның құпия құжаттарына сілтеме жасап хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.
Пригожин бұл ұсынысты Украинаның Бас барлау басқармасының өкілдеріне жіберген, ол олармен соғыс кезінде құпия байланыста болған-мыс. Алайда жарияланған құжаттарда ЖӘК иесі Ресей Федерациясының нақты қандай позициялар жайлы айтқаны көрсетілмеген.
Украинаның екі шенеунігі The Washington Post газетіне Пригожиннің Украина барлау басқармасымен бірнеше рет сөйлескенін растады. Шенеуніктердің бірі ресейлік жалдамалы әскерлердің басшысы Бахмутқа қатысты бірнеше рет ұсыныс жасаған деп мәлімдеді, бірақ Киев бұл ұсыныстарды қабылдамады, өйткені оларға еш сенім жоқ. Вашингтондағы газет көзі Пригожиннің ниетіне де күмән келтірді.
Украина президенті Владимир Зеленский The Washington Post газетіне берген сұхбатында Украина тарапының ЖӘК-пен байланысын растаған жоқ. "Бұл әскери барлау мәселесі", - деді ол.
Бұған дейін газет Зеленскиймен сұхбаттан украин барлауының Пригожинмен байланысы туралы қойылған сұрақты алып тастаған. Алайда, Пригожиннің қаңтардағы ұсынысы туралы материал жарияланғаннан кейін бұл үзінді қайта видеоға қосылды.
Пригожиннің өзі The Washington Post мәлімдемелерін қауесет деп атады.