"Коммерсант" газетінің дереккөзіне сенсек, әзірге іс бойынша басқа шешім қабылдауға әлі ерте, деп жазады inbusiness.kz.
"Евгений Пригожинге қатысты қарулы көтерілісті ұйымдастыру туралы бап (Қылмыстық Кодекстің 279-бабы) бойынша қылмыстық іс тоқтатылған жоқ және Ресей Федералды қауіпсіздік қызметі тергеу басқармасының тергеушісі тергеуді жалғастыруда", - делінген хабарламада.
Басылымның сұхбаттасушысының айтуынша, Пригожинге қарсы қылмыстық іс қозғау туралы қаулы әлі жойылған жоқ және көтерілісті тергеу жалғасуда. Іс бойынша өзге шешім қабылдауға әлі ерте.