Британ қауымдастығының сарапшылары қораптары қайта өңдеуде қиындық тудыратын азық-түліктердің тізімін жасады. Бұл туралы bbc.com хабарлайды.
Тізім басына Pringles чипсиіне арналған қорап пен Lucozade Sport сусынының құтысы орналасты.
Сарапшылардың пікірінше, қорапты жасауда неғұрлым әртүрлі материал қолданылса, оларды бір-бірінен ажырату құрылғыға соғұрлым қиын болады екен.
Ал компания өкілдері Pringles қораптарын азықты ұзақ сақтағанда бұзылмауы үшін арнайы жасатқандарын айтады.
Сарапшылар азық-түлік өндірушілерден қорап жасатарда, оның қайта өңделетін ескеруге шақырды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу