Приозерск қаласы тұрғындарының өтініші қашан орындалады

609

Тұрғындар бірнеше жыл бойы жергілікті биліктен дене шынықтыру-сауықтыру кешені мен мәдениет үйін салу мәселесін шешуді сұрап келеді және бұл сұрақ наурыз айында Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбекпен кездесуде көтерілген болатын.

Приозерск қаласы тұрғындарының өтініші қашан орындалады

Аймақ басшысы Жеңіс Қасымбек Приозерск тұрғындарымен осы жолғы кездесуде дене шынықтыру-сауықтыру кешені мен мәдениет үйі салынатынына уәде бергендей болды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Сіздер үш негізгі мәселені көтердіңіздер. ДСК, Мәдениет үйінің құрылысы, стадионды жөндеу. Бұл үш ірі жоба, біз оларды облыстық бюджеттен қолдаймыз. Спорт нысандары бойынша процесс басталды. Мәдениет үйі бойынша да қаржыландыруды толық көлемде қамтамасыз етеміз", – деді Жеңіс Қасымбек.

Қала әкімі Сапар Сатаев ДСК құрылысына конкурс жарияланғанын хабарлады. Мердігерді анықтағаннан кейін жұмыстар басталады, жоба екі жылдық. Мәдениет үйі бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленеді. Құрылысты келесі жылы бастау жоспарлануда.

Айтуынша, 50 жыл бұрын салынған қалалық стадион толығымен өзгереді. Авариялық мінбелер қайта құрылады. Футбол алаңына жасанды көгал төселіп, тартан жүгіру жолдары жасалады, хоккей корттары, воркаут-алаңдар орнатылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу