Проактивті қызмет алған көпбалалы аналардың саны 9 мың адамға дейін өсті – министрлік

1094

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі "Алтын алқа" және "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған көпбалалы аналарға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау бойынша қызметті проактивті форматта алу тәртібін жеңілдетті, деп хабарлайды  inbusiness.kz.

Проактивті қызмет алған көпбалалы аналардың саны 9 мың адамға дейін өсті – министрлік

Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов: "Көпбалалы аналардың уақытын үнемдеу мақсатында Еңбекмині 2019 жылдан бастап осы жәрдемақыны тағайындау бойынша мемлекеттік қызметті проактивті форматта алуға мүмкіндік береді. Бұл әйелдерді кезекте тұру қажеттігінен құтқарды, олар мемлекеттік қызметтерді кез келген ыңғайлы уақытта және кез келген жерде ала алады. Көрсетілетін қызметті алушы бір ғана SMS-хабарламаға жауап бере отырып, жәрдемақыны проактивті ресімдеуге келісім береді және банк шотын растайды. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті басқа да мәліметтер мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен түседі", – дейді 

Осы өзгерістердің арқасында 2021 жылы проактивті қызмет алған көпбалалы аналардың саны екі еседен астам – 9 мың адамға дейін өскен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу