Атырауда пробация есебінде тұрған 47 адам жұмыссыз жүр. Олар жыл соңына 100 пайыз жұмыспен қамтылады деп жоспарланған. Бұл туралы қала прокуроры Руфат Құттықов және халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Г. Құспанованың қатысуымен өткен жиында айтылды, деп хабарлайды atpress.kz.
Кездесу барысында аталған санаттағы тұлғаларға әлеуметтік мәселе бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Бүгінде қала бойынша пробациялық қызметке 489 адам тіркелген. Оның 417-cі жұмыспен қамтылса, 9 - бала күтімінде, 9 - мүгедек, 6 - зейнеткер және бір шетел азаматы бар.
Сондай-ақ 22 маусым күні қала прокуроры Р. Құттықов, қалалық ішкі істер басқармасының бастығы Н. Мутигуллин және жергілікті полиция қызметінің бастығы Е. Биғамбаев Бесікті ауылының тұрғындарымен кездесті. Кеңесте халықтың әлеуметтік тұрмыс тіршілігі, өлкедегі құқық бұзушылық деңгейі талқыға салынып, қала прокурорының бақылауына алынды.