Бұл туралы ІІМ ҚАЖ комитетінің пробация қызметтерін басқару басқармасы бастығының орынбасары Берік Бакулин хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.
Берік Бакулиннің айтуынша, пробация қызметі бойынша бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаларда 28 мыңнан астам сотталушы есепте тұр.
Олардың 300-ден астамы кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстары үшін сотталған. Есепте тұрғандарды қадағалау мақсатында электрондық бақылау құралдарын енгізу бойынша шаралар қабылданды.
Электрондық білезіктер бас бостандығын шектеуге және шартты түрде сотталғандарға, жазаны өтеу тәртібін бұзғандарға қолданылады.
Бірінші кезекте кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыс жасаған адамдарға қатысты жазаны өтеудің бүкіл мерзімінде қолданылады.
Спикер шетелдік тәжірибеде сотталғандарды қашықтықтан бақылау жүйесінің өз нәтижесін бергендігін атап өтті.
"Электрондық білезікті қолдану есеп беретін адамға бас бостандығынан айыру орындарына түспеу мүмкіндігін пайдалануға мүмкіндік береді. Білезіктерді пайдаланған 7 айда аумақтық пробация қызметтері 90-ға жуық бұзушылық анықтады. Сот органдарына жаза түрін бас бостандығынан айырумен ауыстыру үшін 30 материал жолданды. Соның ішінде 6 сотталушы бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатыр", – деді Берік Бакулин.
Құрылғы пробация есебіндегі адамдардың аяғына салынады. Білезік тағылған сотталғандар арнайы планшеттер мен компьютерлер арқылы бақыланады. Пробация есебіндегі адам жаза өтеу тәртібін бұзса, құрылғыны өздігінен шешуге тырысса, пробация қызметіндегі инспекторларға дабыл сигналы түседі.