Пробация талабын бұзған сотталған қайтадан түзеу мекемесіне жіберілді

230

Бостандыққа шыққаннан кейін үш күнде қайта құқық бұзған.  

Пробация талабын бұзған сотталған қайтадан түзеу мекемесіне жіберілді Фото: zanmedia.kz

Бұған дейін бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған сотталған адам жазасының өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түріне ауыстыруға байланысты қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінен босатылған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алайда пробациялық бақылауда болған ол белгіленген талаптарды сақтамаған. Бостандыққа шыққаннан кейін небәрі үш күн өткен соң қоғамдық орында алкогольдік ішімдік ішкені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Сонымен қатар сотталған адам пробация талаптарын бұзып, түнгі уақытта тұрғылықты жерінде болмаған.

Бірнеше рет тәртіп бұзғанына байланысты пробация қызметі сотқа оның жазасын қайта өзгерту туралы ұсыныс енгізді.

Сот материалдарды қарап, ұсынысты қанағаттандырды. Нәтижесінде сотталғанның жазасының өтелмеген бөлігі бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды.

Ол орташа қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесіне 5 ай 14 күн мерзімге қайта жіберілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу