Депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлы қамауға алынуы мүмкін

264

Заң бойынша ол бостандығын шектеу режиміне байланысты бұл уақытта үйінде болуы тиіс.

Депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлы қамауға алынуы мүмкін Фото: видеодан алынған кадр/instagram.com/ pro.pravo.kz

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болат пробациялық бақылауды елемегені үшін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Нұрасыл Болатттың Алматыда түнде тойда жүрген видеосы әлеуметтік желіде тарады.

Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің мәліметінше, Нұрасыл Болат Алматы қаласының пробация қызметінде есепте тұр.

"Пробациялық бақылауды бұзу фактісі бойынша сотталған адамға ескерту жасалды, жазаны бас бостандығынан айыруға ауыстыру туралы мәселені шешу үшін сотқа материал дайындалып жатыр", – деп хабарлады қылмыстық-атқару жүйесі комитетінен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу