Проблемалық активтер қоры 386 нысанды 14,5 млрд теңгеге сатты

747

Сатып алынған және сатылымға шығарылған активтердің қатарында коммерциялық және жылжымайтын тұрғын жай, жер телімдері, мүліктік кешен, автокөліктер мен құрылғылар бар.

Проблемалық активтер қоры 386 нысанды 14,5 млрд теңгеге сатты

Проблемалық активтер қоры 386 нысанды 14,5 млрд теңгеге сатты. Проблемалық несиелер қорының баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл 2019 жылдың наурыз айы мен 2020 жылдың 14 ақпанына дейінгі аралықта тіркелген деректер. 

Екінші деңгейлі банктерден сатып алынған және сатылымға шығарылған активтердің қатарында коммерциялық және жылжымайтын тұрғын жай, жер телімдері, мүліктік кешен, автокөліктер мен құрылғылар бар. 

Сауда қорытындысы бойынша, 714 миллион теңгеге 1 мүліктік кешен, нақтырақ айтқанда алкогольдік және алкогольдік емес сусындар шығаратын бұрынғы зауыт сатылған. Бұл кешен Шығыс Қазақстан облысында орналасқан (Семей қ.).

Сауда-саттық барысында 37 жер телімі 888 млн теңгеге сатылған. Олардың басым бөлігі Алматы облысы(29) мен Алматы қаласында (3) орналасқан. Сонымен қатар 34 жылжымайтын тұрғын жай сатылды: 1-6 бөлмелік пәтерлер мен жер телімі бар тұрғын үйлер.

Айта кететін жайт, мұндай сауда ҚР Қаржы министрлігі жанындағы ақпараттық-есептік орталықтың мемлекеттік меншік тізілімінің сайтында аукцион түрінде, бағаны төмендету және көтеру арқылы өткізіледі. Осылайша қор активтері нарықтық бағамен сатылып отырады. Бұған заңды тұлғалармен қатар ел азаматтарының қатысуына рұқсат етілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу