Проблемалық банкке инвестиция салған БЖЗҚ өкілдерін жазалауды ұсынды

900

Проблемалық банкке инвестиция салған БЖЗҚ өкілдерін жазалауды ұсынды

Әзербайжанның проблемалық банкіне инвестициялау туралы шешім қабылдаған Бірыңғай Жинақтаушы Зейнетақы Қорының лауазымды қызметкерлерін жауапқа тарту керек. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Азат Перуашев Ұлттық банк басшысына осынай  депутаттық сауал жолдады. Депутат зейнетақы қорының Әзербайжан халықаралық банкінің құны 70 млрд-тан астам теңгені құрайтын облигацияларын негізсіз сатып алу фактісіне қатысты ақпаратпен жіті танысып шыққанын айтады. Ол үшін Ақжол фракциясы осы жайтты  анықтаған сарапшы Рахым Ошақбаевпен арнайы жүздесу өткізген.  Бұдан бөлек депутат зейнетақы қорының  лицензиясынан айырылған Казинвестбанкке де 3 млрд. теңгеге тарта сомадағы қаржы құйғаны туалы фактіні де еске алды. Осы мысалдардың барлығы азаматтардың зейнетақылық жинақтары бойынша немқұрайдылық мен жауапсыздықты көрсетіп отыр –дейді Перуашев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу