Проблемалық деп танылған екі тұрғын үй кешенінің құрылысы қайта жанданды

902

Құрылысты биыл аяқтау жоспарланған.

Проблемалық деп танылған екі тұрғын үй кешенінің құрылысы қайта жанданды

Нұр-Сұлтанда "GLB" (Шар - құрылыс) үй құрылысы комбинаты мен проблемалық деп танылған "Бағыстан", "Алтын шар" 1,2,3 тұрғын үй кешенінің құрылысы қайта жанданды. Құрылысты аяқтау 2020 жылға жоспарланған, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

"Шар – Құрылыс" ЖШС Бас директоры Жанна Бектемирова атап өткендей, мемлекет қолдауының нәтижесінде комбинаттың кредиторлары мен кәсіпорын қызметкерлерінің алдындағы қарызы өтелді. Комбинат жылына 200-ден 250 мың шаршы метрге дейін тұрғын үй салады. Кәсіпорын жұмысы автоматтандырылған, сандық технологиялар мен модульдік құрылыстың қазіргі заманғы әдістерін қолдана жұмыс істейді. Қолданылатын жабдықтар Германия мен Австриядан.

"Қазір кәсіпорында 300 адам еңбек етіп жатыр. Қызметкерлер саны екі есе артады. Бұл қолжетімді тұрғын үй құрылысының көлемін едәуір ұлғайтуға мүмкіндік береді. Модульдік үй құрылысы үйлердің сапасына нұқсан келтірмей шаршы метрдің өзіндік құнын төмендетуге және ғимараттарды салу мерзімін едәуір қысқартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, құрылыс индустриясының дамуына серпін береді", – дейді қала әкімі Алтай Көлгінов.

Құрылыс мерзімі 1-1,5 жыл болса, заманауи озық технологияның арқасында көпқабатты үйді 4-5 айда салуға болады. 1 шаршы метрдің бағасы орташа есеппен 240-260 мың теңгені құрайды, бұл тұрғын үйді қолжетімді етеді.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу