Проблемалық кредиттер қоры 222 нысанды сатылымға шығарады. Сауда қыркүйектің 24-і мен 26-ы аралығында өтеді, деп хабарлайды Atameken Business.
Сатылатын лоттардың ішінде 125 – жер учаскесі, 62 – коммерциялық жылжымайтын мүлік және 35 тұрғын үй кешені бар.
Саудаға заңды тұлғалармен қатар тұрғындар да қатыса алады. Ал сатылымға қойылған мүліктер еліміздің түкпір түкпірінде орналасқан. Ең көп саудаға қатысатын аймақ Алматы және Шығыс Қазақстан облыстары.
Қатысу үшін мемлекеттік мүлік вэб порталына тіркеліп, өтініш қалдыру шарт. Сондай ақ кепілдік жарнасын төлеу керек.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу