Проблемалық нысанның құрылысын аяқтауға байқау жарияланды

1003

"Азбука жилья" компания тобының "Гарант" проблемалық нысанының құрылысын аяқтау бойынша 5 қазанда бірлескен қызмет туралы үш жақты келісімшартқа қол қойылған. 

Проблемалық нысанның құрылысын аяқтауға байқау жарияланды

"Елорда құрылыс компаниясы" ЖШС уәкілетті ұйымы "Азбука жилья" компаниялар тобының "Гарант" (1-кезек) проблемалық нысанының құрылысын аяқтауға байқау жариялады, деп хабарлайды Астана  әкімдігінің ресми сайты. 

ВАК мүшелерінің кезектен тыс жиналысында белгілі болғандай, "Азбука жилья" компания тобының "Гарант" проблемалық нысанының құрылысын аяқтау бойынша 5 қазанда бірлескен қызмет туралы үш жақты келісімшартқа қол қойылған. 

"Барлық ұйымдастыру мәселелері шешілді.  "Гарант-Успех" тұрғын үй-құрылыс кооперативі уәкілетті ұйымы мен "ОРДА Инжиниринг" ЖШС басқарушы компаниясы арасында шартқа қол қойылды", - деді ВАК төрағасы Сергей Хорошун.

Осылайша, 8 қазан күні уәкілетті ұйым құрылысты аяқтау бойынша байқау жариялады. Бұдан басқа, қазіргі уақытта "Жеті-Жол" проблемалық объектісінің қаржы моделін және шарт жобасы әзірлеу бойынша бірлескен қызмет қарастырылуда. "Азбуки жилья" компаниясының басқа да "Комсомольский", "Айсанам Де Люкс", "Комфорт Успех", "Садовые Кварталы"  проблемалық нысандарының тиімділігін қарастыру үшін уәкілетті ұйымға жобалық-сметалық құжат, жұмыс жобасының барлық бөлімдеріне ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысы және қалған ішкі, сыртқы жұмыстар, инженерлік желілер, қаржылық аудит жасалуы керек.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу