Продюсер кино индустрияны Astana Hub қолдау бағдарламасына енгізуді ұсынды

161

"Қазақстанда кино индустрияны дамытуға жіті көңіл бөлген жөн".  

Продюсер кино индустрияны Astana Hub қолдау бағдарламасына енгізуді ұсынды Фото: www.instagram.com: almaszhali

Отандық продюсер Алмас Жали киноиндустрия қызметкерлеріне Astana Hub аясында жұмыс істеуге мүмкіндік беруді ұсынды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Продюсер фильмнің көрсетілімін ұйымдастыру көп шығынды талап ететінін жеткізді.

"Оның ішінде салық пен дистрибьютелік комиссия алымдары да бар. Соның салдарынан бизнес табысының 30-40 пайызын төлемдерге жұмсайды. Бұл біздің дамуымызға кедергі. Кино индустриясына 4-8 пайыз көлемінде оңайлатылған бірыңғай салық мөлшерлемесі болса деп ұсынамыз. Бұл салық жүктемесін жеңілдетіп қана қоймай жиналатын ақшаның ашықтығына әсер етер еді", – деді продюсер Мәжілісте өткен тақырыптық отырыста.

Алмас Жалидің сөзінше, Қазақстанда кино индустрияны дамытуға жіті көңіл бөлінуі керек. Ол Astana Hub дайын экожүйе екенін баса айтты.

"Мұндай модельді креативті салаларға, соның ішінде кино түсіру ісіне қолдану бүкіл саланың дамуына серпін бере алады. Кино индустрияны Astana Hub экожүйесіне қосу бірнеше жыл ішінде операторлар мен режиссерлердің, суретшілер мен басқа да мамандардың ортақ мәліметтер базасын құруға мүмкіндік береді", – деді продюсер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу