5-8 сынып оқушыларына арналған "ProEco"республикалық экологиялық жобалар байқауы өз мәресіне жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Байқаудың ең үздік жеңімпазы мен жүлдегері атану үшін Қазақстанның барлық облыстарынан, Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан, сондай-ақ, республикалық білім беру ұйымдарынан 105 қатысушы жеңімпаз атану үшін бәсекеге түсіп, бақтарын сынады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер екі жас мөлшерлері бойынша анықталды.
Конкурстың республикалық кезеңі 4 бағыт бойынша өтті:
1 бағыт - "Туған өлке табиғаты";
2 бағыт - "Мені қоршаған әлем - ғажайып әлем";
3 бағыт - "Үздік экологиялық бастама" ;
4 бағыт - "Таза қала сізден басталады".
Байқаудың қазылар алқасы еліміздің жоғары оқу орындарының ең үздік ғалымдарынан құралды.
Қазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып, "Дарын" РҒПО І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен, грамоталарымен марапатталады. Оның ішінде І дәрежелі дипломға – 11 оқушы, ІІ дәрежелі дипломға – 18 оқушы, ІІІ дәрежелі дипломға – 27 оқушы ие болды.
Барлық қатысушыларға қатысқанын растайтын сертификаттар тапсырылады.