Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан Аграрлық-техникалық университетінің профессоры, техника ғылымдарының докторы Сәрсенбек Монтаев "Әлемдегі ең беделді ғалымдардың 2%" (World’s Top 2% Scientists) рейтингіне енді, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Рейтинг құрастыру кезінде ғалымның бүкіл библиометриялық мәліметтері: ғалымдардың мансабындағы барлық және өткен жылдағы дәйексөздері алынады.
Сәрсенбек Монтаев соңғы жылдары БҚАТУ-да жұмыс істеп жатыр, қазір университеттің Индустриалды-технологиялық институтын басқарады. Құрылыс материалдарын өндіруде жаңа технологияларды әзірлеуші, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің топырағының құрылымдық-механикалық қасиеттерін жақсарту жөніндегі жобаның басшысы болып табылады.
Профессор "Болашақ" бағдарламасы аясында Жапонияда "Нанотехнология" мамандығы бойынша ғылыми тағылымдамадан өткен.