"Қарасора" жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізу барысында полиция қызметкерлері есірткі сақтады деген күдікпен Алтай ауданы Жаңа Бұқтырма кентінің 45 жастағы тұрғынын ұстады деп inbusiness.kz polisia.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Күдіктінің үйін тінту жүргізу барысында ол жерден ерекше иісі бар өсімдік тектес зат салынған полиэтилен пакет, ерекше иісі бар 6 түп өсімдік, жасыл түсті өсімдік тектес 5 таблетка түріндегі сығымдалған зат табылып, тәркіленді.
Сараптама қорытындысына сәйкес, пакеттегі зат салмағы 5 192,68 гр құрайтын кептірілген марихуана, салмағы 2 640 гр өсімдік тектес 6 түп каннабис (қарасора), сондай-ақ жалпы салмағы 501,32 гр гашиш екенін көрсетті.
Жауап алу барысында ер адам аталған заттарды өзі пайдалану үшін сақтағанын айтқан.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Фото: polisia.kz