Прокуратура 12 млн теңгенің қызғалдағын жұлған әйелге қатысты пікір білдірді

357

Мұндай әрекет үшін 3000 АЕК-ке (шамамен 12 млн теңге) дейін айыппұл қарастырылған.  

Прокуратура 12 млн теңгенің қызғалдағын жұлған әйелге қатысты пікір білдірді Фото: Бейнежазбадан

Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев қызғалдақ жұлған Түркістан облысы тұрғынының әрекетіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ғалымжан Қойгелдиев "Қызыл кітапқа" енген гүлдерді жұлған әйел айыппұл төледі ме деген сұраққа нақты жауап бермеді.

"Бұл кейін белгілі болады. Бір айтарым, қатал болса да, заңның аты – заң. Егер адам тәртіп бұзса, онда айыппұл салынады. Ондай жағдай болмаса, айыппұл да болмайды", - деді Ғалымжан Қойгелдиев Сенат кулуарында.

Бас прокурордың орынбасары әлемдік тәжірибеден мысал келтірді. Айтуынша, Сингапурде темекі тұқылын жерге тастағаны үшін үлкен айыппұл салынады.

"Швеция, Швейцария, Франция, Германия елдерінде қылмыстық істердің 90 пайызында айыппұл да салынады, қылмыстық жауапкершілік те қарастырылған. Мәселен, адам ұрлық жасаса, ол 6-7 жылқа қамалады, айыппұл да төлейді. Бізде ондай жоқ екенін өздеріңіз білесіздер", - деді ол Сенат кулуарында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу