Атап айтқанда, "Балқаш қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ-нің жауапты қызметкерлері заң талаптарына қайшы түрде, су құбырын күрделі жөндеу бойынша 625 млн теңгеге мемлекеттік сатып алуды жобалық-сметалық құжаттамасыз және сараптамалық қорытындысыз өткізген, деп жазады inbusiness.kz сайты Қарағанды облысының прокуратурасына сілтеме жасап.
Тағы бір жағдайда, "Қарағанды облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" ММ 75,2 млн теңге сомасына ластаушы заттардың шығарындыларының мөлшерін өлшеуге арналған жабдықтар мен аспаптарды сатып алуды негізсіз жоспарлаған, бұл ретте шығарындыларды өлшеу аталған мемлекеттік мекеменің құзыретіне жатпайды.
Қабылданған шаралардың арқасында бюджет қаражаты облыстық бюджетке қайтарылып, қайта бөлуге жіберілді.
Бюджет қаражаттарының жұмсалу мәселесі қадағалау органының бақылауында.