Прокуратура 8 млн теңгелерін алып берді

918

Прокуратура 8 млн теңгелерін алып берді

Алматы облысында табан ақы маңдай терімен тапқан жалақысын 4-5 айдан бері ала алмай жүрген жеке көмекшілердің еңбекақысы төленді, деп хабарлады Хабар 24.

Ескелді ауданы бойынша мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсететін 63 көмекшіге 8 млн теңгеден астам айлығы белгісіз бір себептермен берілмей келген. Өздеріне тиесілі жалақысын ала алмай жүрген азаматтар бұқаралық ақпарат құралдарына шағымданғаннан кейін прокуратура органдары осы іске қатысты кешенді тексеру жүргізді. Нәтижесінде заңның аяқ асты болып, өрескел бұзылғандығы анықталды. Ескелді аудандық прокуратурасы мен облыстық еңбек инспекциясы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімін әкімшілік жазаға тартты.

- Аудан бойынша 63 жеке көмекшінің 2016 жылдың тамыз айы мен желтоқсан айы аралығындағы жалақылары төленбеу фактілері орын алған. ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 87-бабы 1-бөліміне сәйкес Ескелді ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне 60 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды. Бүгінгі күнге 63 жеке көмекшінің еңбекақылары толық төленді, –  ­дейді Ескелді аудандық прокуратурасының аға прокуроры Олжас Самат.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу