Прокуратура Алматыда техногендік сипаттағы ықтимал қауіптің алдын алды

485

Лауазымды тұлғалар техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың туындау қаупіне жол берген.

Прокуратура Алматыда техногендік сипаттағы ықтимал қауіптің алдын алды Фото: gov.kz

Алматы көлік прокуратурасы жер, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнаманың сақталуына жүргізген талдау нәтижесінде, автомобиль газ толтыру компрессорлық станцияларын салуға жер учаскесін беру кезінде елеулі бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Атап айтқанда, уәкілетті орган қолданыстағы нормаларды бұза отырып, астынан кәріз құбырлары өтетін тектоникалық бұзылу аймағында орналасқан бөлінбейтін жер телімін мегаполистің автобус паркіне жанармай құю үшін берген.

Осылайша, жауапты лауазымды тұлғалар техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың туындау қаупіне жол берген.

Көлік прокуратурасы араласқаннан кейін кінәлі лауазымды адамдар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, осы жер учаскесін Алматы қаласы әкімдігінің балансына қайтару шаралары қабылдануда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу