Прокуратура: Астанада 6 мектептегі мұғалімдерден жалған диплом анықталды

649

Жұмысқа қабылданар кезде 6 мектептің мұғалімдері жалған диплом көрсеткен.  

Прокуратура: Астанада 6 мектептегі мұғалімдерден жалған диплом анықталды Фото: aikyn.kz

Елордада бірнеше мектептің мұғалімдері жалған дипломмен балаларға білім берген, деп хабарлайды inbusiness.kz қалалық прокуратураға сілтеме жасап.

Қалалық прокуратура білім беру ұйымдары қызметінің заңдылығын тексеру барысында мұғалімдердің жалған дипломды пайдалану фактілерін анықтаған.

"Жұмысқа орналасу кезінде 6 мектептің мұғалімдері жалған диплом көрсетіп, балаларды оқыту құқығына ие болған", - деп жазылған Астана қаласы прокуратурасының Facebook парақшасында.

Хабарламада айтылғандай, Қылмыстық кодекстің 385-бабы 3-бөлігіне сәйкес жалған құжатты пайдалану бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

"Қазір аталған ұстаздардың педагогикалық қызметі тоқтатылды", - делінген ведомство хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу