Прокуратура: ерекше балалар жеңілдетілген тамақпен қамтылмаған

363

Қолданыстағы заңнамада (ҚР "Білім туралы" Заңының 6-бабы) жергілікті атқарушы органдарға мұндай балаларды тегін тамақпен қамтамасыз ету бойынша міндеттер бекітілген.  

Прокуратура: ерекше балалар жеңілдетілген тамақпен қамтылмаған Фото: primeminister.kz

Ақмола облысының прокуратурасы мүгедектігі бар балалардың құқықтарын қорғады.

Облыс прокуратурасы, мүгедектер үшін көзделген жеңілдіктер алу құқықтарын бұзылуын анықтады.

Осыған қарамастан, ерекше балалар жеңілдетілген тамақпен қамтылмаған және облыс әкімдігінің "мектепке дейінгі ұйымдары тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарына тамақтандыру үшін шығындарды өтеу туралы" қаулысында ескерілмеген.

Аталған бұзушылықтар Ақмола облысы прокуратурасының араласуынан кейін жойылды, осылайша 800-ден астам баланың құқықтары қорғалды.

Нәтижесінде, "мүгедектігі бар балалар" сияқты санаттар әкімдік қаулысына қосылып, тегін тамақпен қамтамасыз етілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу