Прокуратура: Қайрат Құдайберген Дикий Арманның айналасына бірігуге, оны қолдауға шақырған

924

Олар ұйымдастырған заңға қарсы акция зорлық-зомбылық пен жаппай төбелеске ұласқан. 

Прокуратура: Қайрат Құдайберген Дикий Арманның айналасына бірігуге, оны қолдауға шақырған

2022 жылғы 21 сәуірде Бас прокуратураның арнайы прокурорларының басшылығымен ведомствоаралық жедел-тергеу тобы жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру мен оған қатыстыдеген күдікпен Құдайберген Қайрат Құдайбергенұлын ұстады, деп жазды inbusiness.kz. 

"Ұсталған Қ.Қ. Құдайберген Алматы қаласы Полиция департаментінің УҰИ-на қамалынды. Алдын ала тергеумен Қ.Қ. Құдайберген А.Б. Жұмагелдиевпен ("Дикий Арман") бірге "Қазақстан" қонақ үйінде адамдар жинап, Жұмагелдиевтің айналасына бірігуге, оны қолдауға және биліктің бірыңғай талаптарын ұсынуға шақырғаны, сондай-ақ адамдарды 10-нан бөліп және олардың ерекшеліктері ретінде қолдарына ақ таңғыштар таңуға нұсқау бергені анықталды", – деп жазылған Алматы қалалық прокуратура таратқан хабарламада. 

Ресми мәліметке сүйенсек, Құдайберген мен Жұмагелдиев жинаған топ алаңға шығып, Жұмагелдиев төңірегіндегі митингілерді біріктіруге, алаңда жедел штаб ұйымдастыруға және билік алдында бірыңғай талаптар қоюға тырысқан.

"Құдайберген мен Жұмагелдиев ұйымдастырған бұл заңға қарсы акция зорлық-зомбылық пен түрлі ауырлықтағы дене жарақаттарын келтірумен жаппай төбелеске ұласты. Құдайбергеннің жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыруы мен қатысуы "Қазақстан" қонақ үйінен, Жұмагелдиев тобының ұсталған қатысушыларының ұялы телефондарынан алынған бейнежазбалармен, куәгерлердің айғақтарымен расталады", – деп хабарлады ведомство. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу