Прокуратура қаңтар оқиғасына байланысты Өскеменде қамалғандар аштық жариялағанын растамайды

796

"Өскемендегі 156/1 түзеу мекемесінде үшінші камерада қаңтар оқиғасына байланысты қамауда отырған адамдар аштық жариялап жатыр". Өзін қамауда отырғандардың бірінің туысымын деп таныстырған Ерлан Кеңешбаев есімді азамат inbusiness.kz тілшісіне хабарласып, осындай шағым айтты. Бұл туралы әлеуметтік желіде де жариялаған.

Прокуратура қаңтар оқиғасына байланысты Өскеменде қамалғандар аштық жариялағанын растамайды

Ол түзеу мекемесіне құқыққорғаушылар мен адвокаттарды кіргізіп, қамауда отырғандардың өзінен мән-жайды анықтауын өтінеді. Алайда ШҚО-дағы құзырлы орган мұны растамайды.

Мекемелерде қылмыстық жазалардың орындалу заңдылығын қадағалау жөніндегі мамандандырылған прокуратураның ақпаратына қарағанда, арнайы прокурорлар OV156/1-ге барған, аштық туралы ақпарат расталмады, жағдай тұрақты, шағымдар жоқ.

Орган өкілі аталмыш мекемеде қаңтар оқиғасына байланысты қанша адам қамауда отырғанын айтпады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу