Прокуратура қызметкері ірі көлемде парамен ұсталды

1156

Жамбыл облысында прокуратура қызметкері ірі көлемде парамен ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы. 

Прокуратура қызметкері ірі көлемде парамен ұсталды Фото: sputniknews.kz

Бас прокуратура баспасөз қызметінің мәліметінше, ведомствоның Ішкі тергеу департаменті Жамбыл облысының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, 16 сәуір күні Байзақ ауданы прокуратурасының қызметкерін ұстаған.

"Қызметкер ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінді. Бұл іске қатысты тергеу жүргізіліп жатыр. Өзге мәлімет тергеу мүддесіне сәйкес жарияланбайды", - деп жазылған хабарламада.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу