Прокуратура Мониторингтік топ жұмысынан заңбұзушылықтар анықтады

686

Алматы кәсіпкерлері мемлекеттік органдардың кез келген заңсыз әрекетіне шағымдана алады. 

Прокуратура Мониторингтік топ жұмысынан заңбұзушылықтар анықтады

Прокуратура Алматыдағы мониторингтік топтың заңға сәкес келмейтін әрекеттерін әшкереледі, деп хабарлайды inbusiness.kz қалалық Кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Алматыда сall-орталық құрылған. Онда кәсіпкерлер карантин кезінде жұмыс істеу мәселелелері бойынша жүгіне алады. Мысалы, 2021 жылдың басынан бері мұнда кәсіпкерлер 120 рет жүгінген. Оның ішінде мониторинг топтарға шағым көп", – дейді Прокуратураның қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының бастығы Фархат Сәдіров.

Бұл топтар рейд жүргізіп, карантин шектеулерінің сақталуын тексереді. Алайда олардың кейбірі қызметін асыра пайдаланған көрінеді. 

"Кәсіпкерлерде осы топ қызметіне қатысты сұрақтар туындайды. Бизнес өкілдерімен диалог құру кезінде кәсіпкерлік нысандар мониторинг топтардың жұмысына шағымданды. Мысалы, прокуратура Алмалы ауданындағы мониторингтік топтың заңсыз әрекетін анықтаған. Ол күндізгі уақытта бос кафелерге кіріп, келушілердің жоқ екеніне қарамастан, кәсіпкерлерге адам саны нормадан асып кеткені үшін айыппұл салуға тырысқан", – дейді Фархат Сәдіров.

Бұл ретте мониторингтік топ құрамы әкімдік қаулысымен бекітілетінін айта кеткен жөн. Оған әкімдік, полиция, Кәсіпкерлер палатасының өкілдері мен қоғам қайраткерлері кіреді. Олар бизнес нысандарына жалғыз бара алмайды. Ал мұндай жағдайлар орын алса кәсіпкерлер оларды нысанға жібермеуге құқылы. 

"Мәселен, Наурызбай ауданындағы нысандардың біріне полиция қызметкерлері мониторинг топ ретінде барып, нысанды жабуды талап еткен. Ал бұл мекеме "Ashyg" пилоттық жобасы аясында жұмыс істеген. Прокуратураның араласуынан кейін ол қызметкерлер жауапкершілікке тартылды", – дейді спикер. 

Алматы кәсіпкерлері мемлекеттік органдардың кез келген заңсыз шешімі бойынша 8-701-775-55-00 телефоны арқылы прокуратураның сall-орталығына хабарласа алады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу