Прокуратура "Өнер Қырандары" театрына тексеру жүргізіп жатыр

1349

Алматыда "Харекет қорына 5 жыл" атты концерті болмайды.  

Прокуратура "Өнер Қырандары" театрына тексеру жүргізіп жатыр Фото: Әлеуметтік желіден

"Өнер қырандары" театры Алматыдағы Республика сарайымен келіспей, концерт өткізетінін хабарлап, билет сатқан, деп хабарлайды inbusiness.kz zakon.kz порталына сілтеме жасап.

"24-25 желтоқсан күндері Республика сарайында Өнер қырандарының "Харекет қорына 5 жыл" атты концерті болмайды! Республика сарайының тарапынан ешқандай концерт жоспарланған жоқ және билеттер сатылымға жіберілмеген", - делінген хабарламада.

Республика сарайының әкімшілігі сонымен бірге қазіргі уақытта прокуратура жоспарланбаған іс-шараға билеттерді заңсыз сату фактісі бойынша тексеру жүргізіп жақанын мәлімдеді.

Бұл күндері Республика сарайында балаларға арналған "Жаңа жылдық шоу" өткізіледі деп жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу