Прокуратура: Сайлауалды үгіт-насихат кезінде әкімшілік құқықбұзушылықтар тіркелді

954

Орталық сайлау комиссиясы саяси аламан алдындағы партиялардың үгіт насихатына қатысты  мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Atameken Business.  

Прокуратура: Сайлауалды үгіт-насихат кезінде әкімшілік құқықбұзушылықтар тіркелді

Қолда бар ақпарға сәйкес, партиялар 500-ден астам БАҚ-та өздерінің агитацияларын жүргізген.  Олардың қатарында телеарна, сайт және әлеуметтік желілер бар.  Жауаптылардың сөздерінше осы процесс барысында ешқандай партияға басымдық берілмеген.  Яки эфир уақыты не болмаса материал жарияланымдары барлығына теңдей бөлінді.

 Талаптарға сәйкес  саяси ұйымдар  6500 ден астам материал жариялаған. Тағы 25 мыңнан астам ақылы материалдар эфирмен әлеуметтік желілер және сайттарға шықты.  Бұқаралық ақпарат құралдарында шикіліктер болмағанымен, жалпы үгіт-насихат барысында әкімшілік құқық бұзушылықтар тіркелді дейді пәрмені күшті прокуратура.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу