Прокурор атылып өлген Өмірбек Жампозовты соттан кінәлі етіп тануды сұрады

892

Прокурор атылып өлген Өмірбек Жампозовты соттан кінәлі етіп тануды сұрады

Өмірбек Жампозов  жемқорлық дерегі бойынша айыпты деп танылуы мүмкін. Жылға  жуық жалғасқан сот бүгін ғана сөзжарысқа жетті. Прокурор, марқұм Жампозов пен басқа айыпталушылардың қылмысына қатысты күдік қалған жоқ деп отыр. Бұл туралы ktk.kz. хабарлады.

"ҚазСуШар" мемлекеттік мекемесі қызметкерлері мен мердігер компанияның кінәсі толық дәлелденді. Оған тергеу барысында жүргізілген экономикалық сараптамалар айғақ. Осыны ескеріп, Жампозов Өмірбекті Қылмыстық кодекстің 176 бабының, төртінші бөлімі, алтыншы тармағы бойынша кінәлі деп танып, өліміне байланысты жазадан босатуды сұраймын", - деді прокурор Айымгүл Жаманбалина.

Прокурор соттан кінәсін мойындап, шығынды өтегендеріне шартты жаза қолданып, мойынсұнбағандарды 7 жылға дейін бас бостандығынан айыруды сұрады. Марқұм Жампозовты есептемегенде, күдіктілердің ұзын саны бесеу. Оның бірі мемлекет шығынын толық өтесе, бірі жартылай жапқан. Алайда азаматтық арыз беруші, Ауыл шаруашылығы министрлігі өтелген шығынның бірін де ескермей, арыз мазмұнын қаз қалпында қалдырып отыр. Министрлік тіпті істің бас күдіктісі, Өмірбек Жампозовтың дүние салғанына қарамастан, оған қатысты арызын алмаған. Келесі сот отырысында судья үкім кеседі.

Еске салсақ, "ҚазСуШар" мекемесінің бұрынғы басшысы Өмірбек Жампозовқа мердігерлермен келісіп, су торабының жөндеуіне бөлінген 620 млн теңге мемлекет ақшасын жымқырды деген айып тағылды. Алайда күдікті үкімді күтпей, істі жүргізген прокурорға оқ атып, кейін өзі атылып өлді. Ол өзіне қарсы қылмыстық істің қолдан құралғанын айтып, хат қалдырған болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу