Прокурор экс-министрге 9 жыл жаза сұрады

407

Арыстанбек Мұхамедиұлы 9 жылға сотталуы мүмкін.

Прокурор экс-министрге 9 жыл жаза сұрады Фото: orda.kz

 

Бүгін прокурор экс-министрді тағылған айыптар бойынша кінәлі деп, осындай жаза сұрады.

Сондай-ақ мемлекеттік айыптаушы Еркеғали Зәкіров Арыстанбек Мұхамедиұлымен бірге істі болып жатқан Алмаз Нұразхан, Айым Сәдуақасова мен Азамат Көшеновті 8 жылға бас бостандығынан айыру қажет, деп отыр.

Экс-министр бастаған топ "Алтын адам" халықаралық көрмесін ұйымдастыруға бөлінген 221 миллион теңгені жымқырды, деп айыпталған. Процесс барысында Мұхамедиұлы өз кінәсін мойындаған жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу