Прокурор олигарх Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелін кінәлі деп танып, 8 жыл бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындауды сұрады, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Г. Сатыбалдыға Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 389-бабының 4-бөлігі бойынша мүлкін тәркілеусіз 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы, ҚР ҚК 28-бабының 3-бөлігі бойынша 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын", – деді прокурор Азамат Сәрсембаев.
Еске сала кетсек, 21 сәуір күні өткен сот отырысында Гүлмира Сатыбалды өз кінәсін ішінара мойындайтынын айтқан. Үйіне босату үшін келтірілген шығынды да өтеп беруге дайын екенін жеткізген.