Прокурор Қайрат Нұртасты 15 тәулікке қамауға алуды сұрады

365

Ол Әкімшілік кодекстің 434-бабы, 2 бөліміне сәйкес, 15 тәулікке қамауға алынуы мүмкін.

Прокурор Қайрат Нұртасты 15 тәулікке қамауға алуды сұрады Фото: видеодан алынған кадр

Бүгін Астананың әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қайрат Нұртасқа қатысты әкімшілік іс қаралып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты.

Жәбірленуші Бекқайыров Қайрат Нұртасты кешіргенін, оған ешқандай шағымы жоқ екенін растады, дегенмен, оның айтуынша, әртіс жұдырығын бірінші ала жүгірген. 

Кейін сотталушығы соңғы сөз берілді, Нұртас кінәсін мойындады, бірақ концерттер мен тойлардың көптігінен, қамауға алынбауын сұрады.

"Мен кінәмді мойындаймын, бірақ жазаны айыппұл түрінде шығарсаңыздар, өйткені алда жоспарланған концерттерім мен тойларым көп. Төлеуге дайынмын", – деді әртіс. 

Нұртастың қорғаушысы жәбірленушінің шағымы жоқтығын ескере отырып, жазаны 173-баб бойынша қысқартуды сұрады. Ал прокурор жаза ретінде әртісті Әкімшілік кодекстің 434-бабы, 2 бөліміне сәйкес, 15 тәулікке қамауға алуды жөн көрді.

Сот төрағасы шешім шығару үшін арнайы бөлмеге кетті. Соттың қаулысы сағат 14:30-жа жарияланады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу