Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында судьялардың айыптау тарапынан тәуелсіз болуы керектігін, сол үшін адвокат пен прокурордың теңдігін қамтамасыз етуді тапсырған болатын. Әділет министрлігі осы тапсырманы орындау үшін Парламент Мәжілісіне заң зобасын ұсынып отыр. Әділет мнистрлігінің тіркеу қызметі және заң қызметін көрсету департаментінің директоры Бақтыгүл Атағазиева жаңа құжаттың өзгешеліктеріне тоқталды.
"Әзірленген ұсыныстардың негізінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру сатысынан бастап адвокат пен прокурор құқықтарының теңдік қағидаты жатыр. Мысалы, адвокат іске кіріскен сәттен бастап қылмыстық істі қозғауға негіз болған ұстап алу, қарау, тінту хаттамалары, мамандар мен сараптамалардың қорытындылары және өзге де процестік құжаттардың нақты тізімімен танысуға мүмкіндік алуы керек. Бұл түзетулер қабылданған жағдайда адвокаттар өз жұмысын тиімді құруға мүмкіндік алады. Адвокаттар кеңейтілген өкілеттерін асыра пайдаланып, заң бұзбау үшін жергілікті тәртіптік комиссиялардың жұмысын түбегейлі қайта қарау керек", – деді департамент директоры ведомствоның алқа мәжілісінде.
Есжан Ботақара